Бас офис
«НСВ» коллекторлық агенттігі» ЖШС
Алматы қ., Жұмалиев көшесі 115, А литері
«НСВ» коллекторлық агенттігі ЖШС - кешіктірілген берешекті өндіру бойынша толық циклді және қызметтерді кең көлемдегі спектрде (сотқа дейінгі өндіру, шығу, кездесулер, іздеу, мемлекеттік органдарға сұранымдар, активтерді іздеу және көптеген басқасы), сондай-ақ сот/атқару өндірісі шеңберінде ұйымдастыруды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын коллекторлық агенттік. ЖШС кепілдікпен қамсыздандырылған несие (жылжымайтын мүлік, транспорт) мен бланктік несиелер (револьверлік карталар, кепілсіз несиелер) бойынша да жұмыс жасайды.
(Астана, Алматы, Кокшетау, Актобе, Талдыкорган, Талгар, Каскелен, Атырау, Кульсары, Усть-Каменогорск, Семей, Тараз, с. Кулан, с. Мерке, Шу, Уральск, Караганда, Балхаш, Жезказган, Костанай, Кызылорда, Актау, Жанаозен, Павлодар, Экибастуз, Петропавловск, Шымкент, с. Аксу, Арыс, Жетысай, Туркестан, Сарыагаш, с. Т. Рыскулова)
Сотта, басқа да мемлекеттік органдарда өкілдік ету, сотқа дейінгі өндіру, шығу, кездесулер, борышкерлермен байланыс орнату, іздеу, мемлекеттік органдарға сұранымдар, активтерді іздеу және тағы көптеген басқасы
Қоңырау шалыңыз
+7 (778) 096 46 46 (Қоңырау шалу тегін) немесе Бізбен байланысыңыз
«НСВ» коллекторлық агенттігі» ЖШС қандай құжаттың негізінде мерзімі өткен берешекті өндіруге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырады?
«НСВ» коллекторлық агенттігі» ЖШС “Kaspi Bank” АҚ және «НСВ» коллекторлық агенттігі» ЖШС арасында жасалған Комиссия шартының негізінде әрекет етеді. Комиссия шарты құпия ақпаратты құрайтын құжат болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жария етуге жатпайды.
«Коллекторлық агенттік арқылы мерзімі өткен берешекті өтеуге бола ма?
Несие бойынша берешекті:
1. кез келген Kaspi Терминал немесе “Kaspi Bank” АҚ-ның кез келген бөлімшесінде касса арқылы;
2. «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелері арқылы;
3. өзіне-өзі қызмет ету терминалдары арқылы;
4. “Kaspi Bank” АҚ-да ашылған Сіздің шотыңызға ақшалай қаражатты аудару жолымен, кез келген екінші деңгейдегі басқа банк арқылы өтеуге болады.
Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз болу керек.
Борышкердің қатысында коллекторлық қызметті жүзеге асыру мерзімінде банк қарызы шартымен қарастырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұл) қосыла ма?
Коллекторлық агенттік берешекпен жұмыс істеген уақытта банк қарызы шартымен қарастырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдар, өсімпұлды) Банк және сол сияқты коллекторлық агенттік қоспайды.
Коллекторлық агенттік Борышкерден берешек сомасын өндіру туралы талаппен сот органдарына жүгінуге құқылы ма?
Коллекторлық агенттік сотта және атқару өндірісінде Банктің өкілі болып шығуға құқылы.
Коллекторлық агенттік үшінші тұлғалардан Борышкер туралы ақпаратты сұрауға құқылы ма?
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанасында тіркелген заңды тұлғалар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы ұйымдар болып табылмайды және тиісінше екінші деңгейдегі банктерге төлем талаптарын беруге құқысыз.
Коллекторлық агенттік үшінші тұлғалардан Борышкер туралы ақпарат сұрауға құқығы бар ма?
Коллекторлық агенттік үшінші тұлғалардан Борышкер Банк қарызы шартын жасасқан кезде бұрын өзі берген Борышкер туралы ақпаратты, сондай-ақ аталған шарт бойынша Борышкердің міндеттемелерін орындауы үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді сұрауға құқылы.
Банк менің берешегімді коллекторлық агенттікке берген кезде Банк қарызы шарты бойынша сыйақы мен комиссияны қосуды тоқтатқан жоқ, сыйақы мен комиссияны қосуды тоқтату үшін қай жерге жүгіну қажет?
Бұл сұрақ бойынша «НСВ» коллекторлық агенттігі» ЖШС-не немесе Сіздің қалаңыздағы «НСВ» коллекторлық агенттігі» ЖШС-нің Өкілдігіне жазбаша түрде жүгіну қажет. Сіздің өтінішіңіз Банкке жолданатын болады.
Банк пен коллекторлық агенттіктер Борышкерді оның берешегімен коллекторлық агенттіктер жұмыс істеуіне берілгендігі туралы жазбаша хабарландыруға міндетті ме?
Банк кредитор ретінде Банк қарызы шарты бойынша талап ету құқығын басқаға беруді жүргізген жоқ, сәйкесінше Қарыз алушыны хабарландыру бойынша міндет туындамайды.
Бізбен төмендегі пошталық үлгі арқылы байланыса аласыз, немесе мына телефон арқылы қоңырау шалыңыз: +7 (778) 096 46 46
Барлық сұрақтар бойынша осы адрес
бойынша хабарласуға болады:
«НСВ» коллекторлық агенттігі» ЖШС
Алматы қ., Жұмалиев көшесі 115, А литері
info@nsv.kz
+7 (778) 096 46 46
© www.nsv.kz